Көкшетауда жаңа жылға дайындалып жатқан мейрамхана өртке оранды


Лезде күш алғаны сонша жалынды ауыздықтауға жергілікті құтқару қызметінің шамасы жетпей, техникалық институт курсанттары да көмекке шақырылыпты. Қайта ғимарат ішінде ешкім болмаған. Бір қабатты мейрамхана енді қалпына келтіруге мүлдем жарамсыз. Өрттің шығу себебі әзірге беймәлім.