Көкшетауда жүздеген тұрғынның жерін қала әкімі қайта тартып алды

-Бір әкім береді, бір әкім алады. Біздің Көкшетауда жылда біреуі ауысады.

Жер телімін қайтарыңдар дегенді естіген жұрт өре түрегелді. Оны кезінде әкімдікте құрылған арнайы комиссияның өзі беріпті. Там тұрғызып жатқандардың көбі тіпті құрылыс материалдары үшін несие де алып үлгерген. Қолдағы құжатқа сеніп, жанталаса жұмысқа кірісіпті. Бірақ, аяқасты прокуратура жер кезексіз берілген деп тапқан. Қазір сол кездегі шенеуніктің бірде біреуі жоқ. Көкшетаудың әкімі де, атқосшысы да ауысып кеткен. Жұрт енді кімнен теңдік сұрарын білмей отыр. 


Айнагүл Жарова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Жер алғаннан кейін  біз жәй барып өз бетімізбен  салған жоқпыз. Әрбіріміз барып Цон-нан қағаз алдық. Архитектормен қолы бар қағазда. Жобасын да сызып берді. Бәріне, бәріне қаражат кетті. Біз ауқатты адамдар емеспіз.  Біз оны несие  алып салдық.