Жылу беруші кәсіпорын алғашқыда қарызды өндіру үшін дауыс күшейткішді қолданып, аулаға келіп борышкердің аты-жөніне дейін айғайлап айтып көрген. Берешегін ұялғаннан қайтарар деп ойлапты. Бірақ одан пайда болмаған. Сондықтан сот шешімімен олардың жеке мүліктерін тәркілеуге көшті.
-Теледидарды алып кетем.
-Не деп тұрсыз? Кішкентай баламыз бар ғой.
- Жоқ, бермеймін.
-Бүгін-ертең төлейміз.
-Не болды сонша
Жылудың ақысын 2 жылдан бері төлемей жүргендер де бар. Берешекке белшеден батса да, 3-4 бөлмелі пәтері бар жалғызілікті қарттар жағы жағдайын айтып шықты.
Райхан Байсейітова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Зейнетақымнан 30 мың төлеймін. Хабарландыру беріп пәтер жалдаушыларды кіргіздім. Бөлмені жалға алғандардың ақшасымен коммуналдық ақыны төлеп отырмын. 1-2 айда құтылам.
Ал сот орындаушыларын қасына ерткен мекеме қызметкерлері ешқандай қарсылыққа қарап жатқан жоқ. Теледидар, компьютер мен тұрмыстық техниканы тәркілеп алып, қарызды қайтаруға мәжбүрлеуде. Өйтпеске амал жоқ. Жылу маусымына санаулы күндер ғана қалды.
Жәдігер Ахметқалиев, «Көкшетау Жылу» МКК филиалының директоры:
- 230 арыз бердік сотқа.Бірақосы уақытқа дейін төлемейді.Жылу маусымына осы қарыздардың жиналмауы әрине кедергі келтіреді.Қысқа жылу маусымына дайындалуға ақша қазірдің өзінде қиын жетпей жатыр.
Ақысын төлемей отырғандардың арасында жеке кәсіпкерлер де бар. Оларды қазір шетінен жылудан айырып жатыр. Құбырлар кесіледі. Қарыздар өтелмейінше олар қайтып қосылмайды. Жеке сауда орындары да осы күні кассалық аппараттарынан айырылып тынды.