«Қазгидрометтің» облыстық филиалы маманы Раушан Қалманбетованың айтуынша, бұған соңғы кездегі аптап ыстық түрткі болған болуы мүмкін.
«Мәселен, кеше Астрахань ауданындағы Жалтыр станциясында ауа температурасы 40, Көкшетауда 29 градусқа дейін көтерілді. Облыс аумағында орта есеппен 39 градус ыстық болып тұр. Аптап ыстық Жерорта теңізі жақтан келген ауа легіне тығыз байланысты. Бізде ауа-райы осыдан 5-6 жыл бұрын дәл осылай ыстық болды», - деді Р.Қалманбаева.
Дүйсенбіде күн аздап салқындайды. Бірақ айдың соңына дейін ауа температурасы +33 градусқа дейін көтеріледі, деді синоптик.