Бұл шара республикалық WiFi Bus жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Бастапқыда ол нобайлы жоба ретінде Петропавл қаласында іске қосылған болатын. Содан соң Көкшетау, Түркістан, Қарағанды, Орал, Қостанай, Атырау және тағы басқа қалаларда жалғасын тапты», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда қалада жолаушы тасымалымен айналысатын 10 автобусқа 3G WiFi-роутерлер орнатылған. Алдағы уақытта мұндай автобустар санын арттыру көзделіп отыр.
Тегін интернетті барлық жолаушылар пайдалана алады.