Көкшетаудан Атырау мен Ақтауға қатынайтын қосымша әуе рейстері ашылды

Жолаушылар тасымалын «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ғы 50 жолаушыға арналған CRJ 200 әуе кемесі арқылы  жүзеге асырады.

Аталған ұшақ Ақтау әуежайынан күндізгі 12:30-да ұшып шықса, Көкшетауға 15:00-де келіп қонады. Ал Көкшетау әуежайынан 15:40-та кейін қайтып,  Ақтау қаласына 17:10-да ұшып жетеді (әр  әуежай үшін жергілікті уақыт белгіленген).

Сондай-ақ, Атырау әуежайынан күндізгі 12:00-де ұшып шықса, Көкшетауға 14:10-да келіп қонады. Ал Көкшетау әуежайынан 15:00-де кейін қайтып,  Атырау қаласына сағат 17:10-де ұшып жетеді.

Атырау-Көкшетау-Атырау - аптасына екі рет сейсенбі мен сенбі сайын ұшатын жаңа әуе бағыты. Екі бағыттарда бір жақты әуебилеттердің бағасы  25 000 теңге құрайды. Жолаушыларға әрі қарай Ақтау мен Атырау аэропорттары арқылы Көкшетауға/дан Солтүстік Кавказ өңіріне, Ресейдің Оңтүстігіне, Түркия мен басқа жерлерге ұшуына мүмкіндік беру уақытымен тағайындалды.

Қазіргі кезде, Көкшетау қаласының халықаралық аэропортынан 4, соның ішінде 1 рейсі халықаралық Мәскеу (Внуково) -Көкшетау- Мәскеу (Внуково) әуе рейсі жасалады. Алматы - Көкшетау - Алматы бағыттары бойынша 3  әуерейстер  (аптасына 2 рет) Ақтау - Көкшетау - Ақтау және Атырау - Көкшетау - Атырау (аптасына 2 рет).


Еске сала кетсек, 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Көкшетау әуежайы ААХҰ-ның (азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (International Civil Aviation Organization) 1-дәрежедегі халықаралық талаптарына сай  әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады.