Көкшетаудың іргесінде аумағы 200 гектар жерді өрт жалмады

«Өрт тамыздың 17-і күні сағат 16:47 минут шамасында облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінің маңында ашық аумақтағы құрғақ шөп пен орман алабында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «ӨБ және АҚЖ» ММ-нің жеке құрамынан 47 адам және 5 техника,  «Бұқпа» орман шаруашылығынан 20 адам және 9 техника,  Станционный және Алексеевка  ауылынан барлығы 25 тұрғын жұмылдырылды.

Сол күні осы маңдағы Қызылтан ауылының тұсында да 20 гектар жердегі өрт ауыздықталды»,  - деп көрсетілген хабарламада