Мына қатар тұрған азық-түлік дүкендері бірінен кейін бірі тоналған. Түнде келген ұрылар терезедегі темір торды топсасымен босатып, шешіп тастапты. Әйнегін де сындырмай алған. Тұрғынүйдің бірінші қабатындағы дүкендерге ұры түскенін көршілер де естімепті. Болған жағдайды сатушылар таңертең жұмысқа келгенде бір-ақ көрген.
Абзал Әлібаев, кәсіпкер:
-Кіретін адам біліпті бізде видеобақылау бар екенін. Күллісін бұрап қойыпты. Айдап отырып түпкі бөлмеге барып, камераны бытшыт қылыпты.
Ұрылар бейнежазба жиналатын серверді талқандап тастаған. Шошып қалған дүкен иелері енді не істерге білмей отыр.
Галина Отт, кәсіпкер:
-Сонда бейнекамералардан не пайда? Ұрылар әбден басынды. Енді қорқып отырмыз. Аз уақыт ішінде 31 дүкен тоналыпты. Бәріміздің маңдай термен алған тауарларымыз ғой.Несие төлеп жатырмыз.
31 дүкен тоналды деген ақпаратты полицейлер әрине, жоққа шығарды. Десе де құр қол отырған жоқпыз деп саудагерлерді сабырға шақыруда.
Гүлнар Пинчук, Ақмола олыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Ұрлық дерегі бойынша жедел іздестіру тобы құрылды. Қазір күдікті деген бірнеше адам айналасында жұмыс істеліп жатыр. Ұрылар жақында анықталуы тиіс.
Жақында анықталуы екіталай. Өйткені қылмыс орнында таспаны айтпағанда, бірде бір саусақ ізі жоқ. Соған қарап дүкенге түскендер кәнігі ұры ма дерсіз. Ал сонша қопарғанда алғандары - баланың тірлігі. Ұрылар негізінен сөредегі темекі мен сағыздарды түгел сыпырып кеткен.
Loading...