Көкшетаулық полицейлер жаңа туған шарананың өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәрестенің мәйіті жер үйдің ауласынан табылған.
Тексеру барысында дәретханада босанған 20 жастағы келіншектің баланы пакетке салып, көміп тастағаны анықталды.
Өзінің айтуынша, бала өлі туған көрінеді. Істің анық-қанығын сот-медициналық сараптама анықтап береді.