Көкшетаулық санэпидқадағалау қызметі кондитер цехының жұмысын тоқтатты

«Зертханалық жағдайда тексеру барысында өнімнен сальмонеллез қоздырғыштары табылды», - деп мәлім етті облыстық санэпидқадағалау департаментіндегі дереккөз.

Оның айтуынша, Көкшетаудың 40 сауда нүктесінде сатылған өнімнің бәрі жедел түрде тәркіленді.

Алайда 22 адам, соның ішінде 6 бала қаладағы медициналық мекемелерге көмек сұрап барған. «Барлығына уақытында көмек көрсетілді, олар қазір ауруханадан шықты», – деді дереккөз.

Цехтың жұмысы тоқтатылды, сот қаланың экономикалық сотына жолданды.