Автофлешмобтың видеосын қала әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жариялады. «Көкшетау тұрғындары мен автомобиль әуесқойлары мерекеге арнап видеоқұттықтау жолдайды!
Жаңа жыл құтты болсын, Қазақстан! Көкшетау қаласының әкімдігі қала тұрғындарына, қаланың бірінші инста-паблигі @kokshevideogram және автосәнқойлардың #zelloКокшетау, @carskokshe03, @zello_kz топтарына, полиция қызметкерлеріне осы видеоны түсіруге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз!» - делінген роликтің жазбасында.
Еске сала кетсек, биыл жаңажылдық автофлешмобты талдықорғандықтар мен атбасарлықтар бастап берген болатын. Кейіннен оларға атыраулықтар мен шымкенттіктер қосылды.