"Көктайғақ": Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?


Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ауа температурасы солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4°С-қа жоғары күтіледі. Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс облыстарында бұрқасынмен қар, оңтүстік облыстарында жылбысқы қар тудыратын болады. Күндізгі ауа температурасы 0, минус 8°С, оңтүстікте плюс 3…минус 5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 м-ден төмен тұман сақталады.