Көктайғақ кесірінен Қарағанды аумағын басып өту қиямет болып тұр

Қарағандыдан Алматыға шығатын тас жолдың 100 шақырымнан астам жері дәл мынадай күйде. Сондықтан қаңтарылған көліктердің күндіз ғана жүруіне  рұқсат беріпті. Соның өзінде күнге шағылысып жатқан көк мұздың үстінде шалт қимыл жасау мүлде мүмкін емес. Жол сақшылары да шама келгенше көлік тізбегінің алды артын бағып, бағыт бағдар беруде. Ал жүргізушілер көк мұзға қарсы қарекет қылған қызметті көрмедік деп қапаланып отыр.


Төлеген Қанағатов көлік жүргізушісі:

- Машиналар аударылып жатыр, тайғақ, жүру қиын. Дорожникердің жұмысы жоқ қой. Олар жұмыс істемейді. Жолға себу жоқ.  Күтеміз, тұрамыз. Жолда фуралар жатыр аударылып