Көктем жауын-шашынмен басталмақ

2016 жылдың 1-3 наурызына арналған ауа райы болжамы. Солтүстік-Атлантика циклонымен байланысты атмосфералық фронттар, Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай қозғалып келеді. Сол фронттармен солтүстік, орталық, және шығыс облыстардың кей жерлерінде жауын-шашын, боран, көктайғақ, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жетеді деп күтіледі. Ал оңтүстік облыстарға Каспий циклонымен байланысты фронттардың әсерінде болады. Алдағы үш тәулікте бұлтты, жауын-шашын, таулы аймақтарда күшті қарлы жаңбыр күтіледі. Температура төмендейді, алайда барлық аумақта климаттық нормадан жоғары болуы сақталады.