"Көктемде қатты ауырды, жиырма күн комада жатты": Динара Сәтжан Құрманай Бахтиярқызының денсаулығы неден сыр бергенін алғаш рет айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Динара Сәтжан бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Көктемде Құрманай Бахтиярқызының қатты ауырғанын естідім. Ота жасатты. Комада 20 күн жатты. Бірақ сол кезде ол есін жиған еді. Ал, кеше оның ғұмыры үзілді.

Қазақстандық ақын, әнші, сазгер. Қайрат Нұртастың "Алматының түндері ай" әнінің авторы. Өте ақкөңіл, жаны жайсаң, талантты адам еді. Біз "Егіз Лебіз" жобасында танысып, құрбы болып кеткенбіз. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны Жәннатта болсын", - деп жазды тележүргізуші.