Көктемгі тасқын Қарағанды облысындағы жағдайды ушықтыра түсті

Өңірдегі 61 ауыл өзен-көлдердің қасында, ал 40 елді-мекен су қоймалары маңында орналасқан. Наурыз айында су арналары тасып, бір аптаның ішінде Қарқаралы, Шет, Ұлытау аудандарының ондаған ауылын қызыл су басқан еді. Қазірдің өзінде суды белшеден кешіп жүрген ауылдар бар. Мал-мүлік шығыны көп. Құтқарушылардың айтуынша, биыл мөлшерден 3 есе артық түскен қар ерісе, Осакаров, Нұра, Бұқар жырау аудандарында тасқын жүреді.   Ал ауылдардың төтенше жағдайға төтеп берерлік техникасы да жоқ екен.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Техника жеткіліксіз. Келесі жұмадан бастап, солтүстік аймақтар Самарқанд өзеніннен бастап, Абай ауданынан бастап өзендердің тасуы басталады

Loading...