Президент су басқан аймақтарда неге мән беру керектігіне тоқталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы "Адырнаға" сілтеп.
Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аймақтарда әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу керектігін айтып, Үкімет назарын аударды.
"Су тасқыны мен өртке қатысты жағдай жыл сайын қайталанады. Жауапты органдар мен салалық қызметтердің жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Тиісті шаралар, негізінен, жағдай орын алғаннан кейін немесе толыққанды болжам жасалмай қабылданады.
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында 12 701 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 4 728 бала.