Көктөбедегі аспалы жолдың тасымалдау мүмкіндігі 4 есе артады

Бұл туралы сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында «Көк-Төбе паркі» ЖШС бас директоры Нұрлан Қазиев мәлім етті.

«1967 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан аспалы жолдың орнына заманауи гондолды жол тартылады», - деді Н.Қазиев.

Жол құрылысы 2014 жылдың тамызында бюасталып, 2015 жылдың маусымында аяқталуы тиіс.

Жаңа жолдың ұзындығы 1632 метр.

«Әр қайсысы он орындық 17 кабина сағатына 750 адам тасымалдауға мүмкіндік береді. Адамдар көп жиналған уақытта оны мыңға дейін жеткізуге болады», - деп атап өтті Н.Қазиев.

Қазір Көктөбе аспа жолында 2 кабина жұмыс істейды. Олар сағатына 200 адам тасымалдай алады.


Аспалы жолды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен француздың Poma компаниясы айналыспақ. Келісіліп қойған жобаның құнын басшылық құпия ұстап отыр. Қаражаттың бір бөлігі компанияның өз есебінен, қалғаны банктерден несиеге алынады. Жоба шыққан шығынды 5 жылда ақтауы тиіс.