«Көкжайлау» шаңғы спорты кешені 2016 жылы ашылады


Шенділер «Көкжайлау» кешені туристердің де қызығушылығын арттырарына сенімді. Өйткені, онсызда табиғатына көз тоймайтын Алатау бөктерінен шаңғы-курорты үшін «келеді-ау» деген Күмбелі, Үлкен Алматы көлі және ақсай шатқалдары таңдалыпты. Мамандар, демалу орнын әлемдік деңгейде көтеруді жоспарлап та қойған. Айта кетейік, жобаны дайындау үшін 372 млн теңге бөлінсе, құрылысына 2 жарым млрд. доллардан аса қаражат жұмсалмақ.