«Көкжайлауға» қатысты кезекті шу шықты


10 жылдан бері елімізде тұрып келе жатқан Шрайбердің қарсы топ арасында табылғаны «Азаматтық альянс» қозғалысы төрайымының күмәнін тудырған екен. Сонымен қатар олардың мәліметі бойынша неміс азаматшасы елімізде туристік фирма ашып, демалушыларды дау тудырған Көкжайлауға шақыратын көрінеді. Тіпті Шрайбер ханым әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан Үкіметін сынға алып, тіл тигізіпті. Осының барлығын тізіп жазған Сәулет Толғанбаева қалалық прокуратураға өз атынан шағым түсірген. Бірақ қадағалаушы орган оған әлі жауап қатпапты.