Көлге түсіп кеткен трактордың кабинасынан екі адамның мәйіті табылды - СҚО

Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, оқиға бейсенбі күні болған. Су астында жанып-сөніп тұрған жарықты жергілікті тұрғындар байқап қалған көрінеді.

Трактордың кабинасынан 39 жастағы механизатор мен еш жерде жұмыс істемейтін 40 жастағы азаматтың денесі табылды.