Көлігімен адам қаққан шенеунік қызметінен кетті


Рөлге мас күйінде отырған Абзал Бірәлиев қасында екі қызы бар 48 жастағы Күнзада Шағатаеваны қағып, үшеуін де мерт қыла жаздаған еді. Ауыр соққыдан, әсіресе, анасына шұғыл операция жасауға тура келген. Ал шенеунік оқиға орнынан қашып бара жатқан жерінде ұсталған болатын.