6 жасар Хадия Құнаева джиу-джитсудан халықаралық жарыста әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Екібастұздық алты жасар Хадия Құнаева джиу-джиутсудан Әбу-Дабиде өткен халықаралық додада KIDS 2 санатында мерейі үстем болып, әлем чемпионы атанды. Финалдық кездесуде жеткеншек Біріккен Араб Әмірлігінің өкілінен басым түсті.
Чемпион қызды әкесі жаттықтырған. Бұл отбасында Хадиядан бөлек тағы бес бала джиу-джиутсумен шұғылданады. Олардың барлығы әкесінің тәлімін алып жүр.
42 жасар Самат Құнаевтың өзі джиу-джиутсумен айналыса бастағанына бірнеше жыл ғана болған. Ол спортқа келгелі денсаулығы дұрысталғанын айтады. Көптеген әлем чемпионатына қатысып үлгерген. Отағасы бүгінде грэпплингтен Қазақстанның спорт шебері. Әкесінің жетістігі балаларын шабыттандырып, бүгінде жетеуінің алтауы оның жолына түскен.
Самат Нұртайұлы бүгінде балаларды джиу-джиусуге баулып жүр. Өз балаларынан басқа, Екібастұз бойынша 100-дей бала оның тәлімін алуда.
Бұл турнирге балаларды апарып қатыстыру үшін Самат Құнаев өзінің жеке көлігін сатып жіберген. Ақшаның көп бқлігі ұшақпен ұшуға, жатар орынға кеткен.
"Менің жеті балам бар, алтауы джиу-джитсумен айналысады. Кенжем үш жарым жаста, спорт үшін әлі кішкентай. Хадия шамамен екі жылдай айналысып келеді. Ол сондай-ақ еркін күреске де барады, ол аяқтан шалу сынды әдістерге үйренеді. Осының арқасында ол Абу-Дабиде әлем чемпионы болды деп ойлаймын. Сондай-ақ, ол "Қарағанды Open" жарысына да қатысты. Біз бүкіл командамен тоқсанына бір рет турнирлерге шығамыз, шамамен 30-40 адам. БАӘ-де 16-шы ірі халықаралық турнир өтті, мен өзім 2021 жылдан бері қатысамын. Ол жылы үшінші орын алдым, 2022 жылы 4 жекпе-жек өткіздім, финалда колумбиялыққа ұтылып, екінші орынға шықтым. 2023 жылы мен үшінші орынға жайғасып, 2024 жылы Әбу-Дабиде джиу-джитсудан бірінші орын алдым, - дейді Самат Қонаев.