Келеңсіз жайт қаланың шеткі аудандарының бірінде болған. Қымбат джип мінген жігіттің қылығы көліктегі видеорегистраторға түсіп қалыпты. Міне, «жол бер» деген белгіге қарамастан ойқастап ортаға шыққан қара көліктің өзі. Жол ережесін бұзғаны аздай, жігіт бірден тапаншасын алып шығып, кезенуде. Абырой болғанда, тек сермеп қана, кете барған. Ал шағын көлік тізгінінде жас баласы бар келіншек отырыпты. Қазір оның арызымен полиция айналысып жатыр.