Көлігіне жалған ақшаға толтырып айырбастап жүрген алаяқ ұсталды

Мына жасанды ақшалар көліктің қуыс-қуысына жасырылыпты. Шахардағы дүкендердің біріне нан сатып алу үшін бас сұққан алаяқ, ұсталып қаламын деп мүлде ойламағаны анық. Бірақ түсі тым қанық теңгеден күмәнданған сатушы бірден полицияға хабар беріпті. Күдікті із суытып үлгергенімен, алысқа ұзамай қолға түсті. Өскеменге ол Алматыдан келген екен. Қолындағы бума ақшаның сапалы шыққаны сонша, жалған екенін кәнігі маман болмаса, көпшілік ажырата бермейді.


Лейла Ысқақова, ШҚО бойынша қаржы полициясы департаментінің  баспасөз хатшысы:

-Бұл қаңтар айында Алматы қаласында жалған ақша жасап келген цех әшкереленген болатын. Біз бұл ақшаны сол Алматыдағы жалған ақша жасау цехымен байланыстырып отырмыз.