Көлік министрлігі ҚТЖ филиалдарын тексеруде

Тексеру барысында бірқатар филиалдарда үстіңгі жолдарды техникалық пайдалану ережелерінің және теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылғандығы анықталды, деп хабарлады жұмада көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Қазіргі уақытта теміржол магистральды желісінің бірқатар учаскілерінде қозғалысқа шектеу қойылған ,не мүлдем тоқтатылған. Мәселен, рельс жолының тарылуы салдарынан "РЗД-17 – РЗД-33" және "Қарағанөзек – Қарабас" жабылған. "Лисаковск-Алтынсарин", "Жарық-Жаңаарқа", "Қарабас – ОП 767", "РЗД-17 – РЗД-33", "ОП42 – Қарағанды" учаскілерінде қозғалысқа шектеу қойылған. Тексеру жалғасуда", делінген хабарламада.

ҚТЖ –Қазақстанның магистральды теміржол желісінің операторы, компания "Самұрық-Қазына" құрамында.