Көлік мінуден күдер үзіле бастады

Бұған қатысты көлік иелері тасымалдаушы компаниялар кінәлі деген-ді. Олардың бірі алған көлік ертең келеді деп, жарты жылдан бері құрғақ уәдеге тойдырса, екіншісі банкрот болып, көлік тиелген контейнерлер жарты жолда қалған. Бұл жағдайды тізбектеп көлік иелері 1 ай бұрын тиісті мекемелерге арыз жолдапты. Бірақ бірнеше мәрте өтініш білдірсе де,не Кеден комитеті, не Сыртқы істер министрлігі жауап бермепті. Олар енді 1 шілдеге дейін көліктері елге жеткізілмейді деп қауіптеніп отыр. Себебі:аталған күннен бастап көлікті рәсімдеу құны бірнеше есеге өседі. Ал Кеден комитетіндегілер жеңілдетілген кедендік рәсімдеу мерзімінің ұзартылмайтынын айтады.


Батырхан Нұрғалиев
, көлік иесі:

-  Заңдағы жалғыз мүмкіндік - алдын ала рәсімдеу.  Өйткені Кеден Одағы кедендік рәсімдеуді ұзартпайды, сондықтан біз тек алдын ала рәсімдеуге үттеніп отырмыз.