Көлік салығын eGov.kz порталында төлеуге болады

Бұл сервис салық төлеу органы мен сомасы туралы автоматты түрде хабарландыру мақсатында әзірленген.

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер қорын интеграциялау есебінен салық төлеушіге әрбір көліктің салық төлеу сомасын бөлек есептеудің қажеттілігі жоқ.

Жалпы сомасы сервисте көрсетіледі және оны төлеу үшін барлық қажетті деректер көрсетіледі (ТТК, БСК, СОК).

Сервис eGov.kz порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінде орналастырылған.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген мүмкіндік Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді.


Пилоттық режим аяқталғаннан кейін сервис елдің барлық аумағында жалпы пайдалану үшін қолжетімді болады, сондай-ақ жер салығы мен жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша алдағы салық төлемдерін тексеру және төлеу мүмкіндігі болады.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін қызмет тек ҚР Мемлекеттік кіріс комитеті арқылы ұсынылған болатын.

Айта кетейік, қөлік құралдарың салығы ағымдағы жылғы 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.