Көлік салығы бойынша берешек: қазақстандықтардың шоттары бұғатталып, елден шығуға тыйым салынуы мүмкін

Егер төлем жасалмаса, 2 сәуірден бастап берешек сомасына өсімпұл есептеле бастайды, - деп хабарлайды Tengri Auto. Бұл дегеніміз – кешіктірілген әр күн сайын төленетін сома біртіндеп өсе береді. Сонымен қатар, салық ұзақ уақыт төленбеген жағдайда, елден шығуға шектеу қою немесе берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу сияқты қосымша шаралар қолданылуы мүмкін.

Уақытылы төлемеген жағдайда не болады?

Өсімпұл 2 сәуірден бастап есептеледі және ол кешіктірілген әр күн сайын қсылады. Егер салық төленбесе, автокөлік иесіне хабарлама жіберіледі, содан кейін берешекті өтеуге 30 жұмыс күні беріледі.

Егер осы мерзімде де қарыз жабылмаса, салық бұйрығы шығарылады. Тағы 5 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларын бастау қарастырылады.

Берешекті есептеу үшін келесі схема қолданылады: Ұлттық банктің базалық ставкасы 1,25 коэффициентіне көбейтіледі – осылайша жылдық өсімпұл анықталады. Содан кейін алынған мән 365 күнге бөлініп, қарыз сомасы мен кешіктірілген күндер санына көбейтіледі.

Мысалы:

Өсімпұл күн сайын артады. Тіпті аз ғана қарыз сомасы уақыт өте келе айтарлықтай өсуі мүмкін.

Берешек болған жағдайда мынадай шаралар қолданылуы мүмкін:

Қай жерде тексеруге және төлеуге болады?

Салықты келесі жолдармен тексеріп, төлеуге болады:

Автор: Caravan.kz