Оның айтуынша, негізінен жүргізушілердің өздері-ақ жол полициясының қызметкерлерінің көмегінсіз көліктерінің алдыңғы терезесінің бүркемесін алып тастаса құба-құп болар еді. Себебі, бұл жол полициясының қызметкеріне көлікті басы артық тоқтатуға сылтау болады. Жүргізушіге басы артық талаптар қойылады. Менің пайымдауымша, жүргізушілер өздерінің уақыттарын зая кетірмеу үшін осыны түсінулері қажет".
Басқарма бастығы көліктің алдыңғы терезесі мен алдыңғы екі қапталдағы терезе бүркемеленбеуі тиіс екенін еске салды. Жол қозғалысы ережесіне сай екі жақ қапталда айналар болған жағдайда көліктің артқы терезесінде пердеше қоюға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ол артқы қапталындағы терезелер бүркемеленген көліктерге жол полициясының қарсылығы жоқ екенін атап көрсетті.
Жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бірінші тоқсанда желдеткіш және алдыңғы қапталдағы терезелерді бүркемелеу бойынша 18 453 заң бұзушылық анықталып, олардың ішінде оқиға орнында бүркеме алудың 3915 оқиғасы тіркелген. 14 538 жүргізушіге айыппұл салынып, 762 көлік құралын пайдалануға тыйым салынған.