Көлік ұрлағандар «Алматы-Өскемен» жолында ұсталды

Полицейлер көлікті іздеу жұмысына бар күшін салды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Көп ұзамай ұрының «Алматы-Өскемен» күре жолында кетіп бара жатқаны анықталды.

«Жол полицейлері көлікті Қапшағай қаласының маңында тоқтатты. Ішінде отырған үш ер адам ұсталып, Іле АІІБ-не жеткізілді», - деп нақтылады полицияда.


Қазіргі кезде көлік құралын заңсыз иелену фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.