Сонымен қатар, кездесуде қазақстандық әуе компанияларына "Авиант" Киев авиация зауыты" МК шығарған жаңа Ан-148 үлгідегі әуе кемелерін жеткізу мәселелерін қарастырды. Өткен жылы қазақстандық "SCAT" әуекомпаниясы Украинаның авиакәсіпорнымен осындай жаңа ұшақтар жеткізу туралы көлемді келісім шарт жасасқаны туралы хабарламада көрсетілген. Жалпы саны орта қашықтықтағы жеті ұшақ алынбақшы. Оның жылдамдығы сағатына 750-800 шақырым. Сонымен қатар, Қазақстан мен Украина аумағында теміржолмен тасымалданатын жүк тасымалына бәсекелес тарифтер бекіту, елімізге жолаушылар вагондарын жеткізу, жол салуда украиндық компаниялардың қатысу мүмкіндігі тәрізді мәселелер талқыға түсті.
Екі ел арасындағы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық Темір жол ынтымақтастығы ұйымы мен ТМД -ға мүше елдер мен Балтық теңізі елдерінің темір жол транспорты жөніндегі орталық кеңесі аясында жүргізілуде.
Қазақстан мен Украина арасындағы темір жол көлігімен халықаралық жолаушылар тасымалы және автокөлікпен жүк тасымалдау, екі ел арасындағы әуе қатынасы жөніндегі екі жақты келісім 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті