"Бүгінде Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 700 млрд доллардан астам. Оның жартысына жуыға Қытайдың үлесіне келеді. Бұл көрсеткіш 2010 жылға таман 1 трлн долларға жетуі мүмкін",-деді С.Ахметов.
Сонымен қатар, көлік және коммуникация министрі Қазақстанда экспорттық әлеуетті дамыту қажеттігіне тоқталды. " Мемлекеттердің міндеті - экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік ашу. Сонымен қатар, тасымал мүмкіндіктерін дамыта отырып жүзеге асыру арқылы, мемлекеттің географиялық жағдайларын оның бәсекелестік қабілетіне айналдыру қажет",-деді С.Ахметов.
"Орталық Азия елдерінің көлік жүйелерін кеңейту мен транзиттік жүк тасымалын дамытуға тек көлік инфрақұрылымдарын озық үлгідегі техникалармен жарақтау арқылы ғана қол жетеді" ,-деп сөзін қорытындылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті