Көлік және коммуникация министрлігі еліміздегі көлік базасына қатысты мәліметтер қорын 2008-жылдың басына дейін дайындап бітірмекші

"Еліміздегі көлік базасына қатысты мәліметтер қорын жасау бағдарламасы 2008-жылдың басына дейін дайындалады",- деді Қ.Тұрлыханов. Оны құруға мемлекеттік бюджеттен 363 млн. теңге бөлінеді, дейді комитет төрағасы.

"Көлік базасының ақпараттық-талдамалық жүйесі айрықша маңызды роль атқармақ. Өйткені ол болашақта Қазақстан аумағы мен шекарасында автокөлік құралдарын есепке алу мен тіркеуді толық автоматтандыруға, су транспорты мен поез вагондарын тіркеуді автоматтандыруға, сондай-ақ, көлікке қатысты оқыс оқиғалар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді",- деді Қ.Тұрлыханов комитеттің алқа отырысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті