"Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін үш ай бойы Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші. Қазір келешек инвесторлармен күн сайын дерлік кездесулер өткізілуде. Олар бұл жобаларға қызығушылық танытып, жүзеге асыруға атсалысуға ниет білдіруде", - деді С. Ахметов.
Сонымен бірге, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілердің топтамасын жасау жұмыстарын жүргізуде, олар екі айдың ішінде қабылдануға тиіс. "Бұл ағымдағы жылдың қазан айында автожол дар саласында концессиялық жобаларға байқаулар жариялауға және 2009 жылдан бастап Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас және Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы бағытындағы жоларды реконстукциялауды бастауға, сондай-ақ, Алматы Үлкен айналма жолын тарта бастауға мүмкіндік береді", -деді министр.
"Концессияға берілетін автожолдардың жалпы ұзындығы 540 млрд теңгенің 911 шақырымдық жолын құрайды", - деді С. Ахметов.