Көлікпен жарысқан астаналық жастар Бурабайды басына көтерді

-Мама, бізге соғады ғой. Мама...

Мына кадрлерде қос Мерседеске мінген жастар газды өкірте басып, зулап келеді. Терезеден бастарын қылқитса, кейбірі көліктің үстіне шығуға дайын. Бар даусымен айғайлап, жолды қасақана кесіп, қарсы бағытқа шығып жүр. Бурабайға барып, еріккен елордалық қыз-жігіттерді тек патрульдік полиция әзер тоқтатты. Енді оларға ірі көлемде айыппұл салынбақ.

Loading...