оң ықпал етті, деп хабарлады республика ІІМ әкімшілік полиция комитетінен.
Мұндай қорытындыға ведомство аталмыш ереже енгізілгеннен бергі 2 ай 18 күннің статистикасы нәтижелеріне орай келіп отыр, бұл норма 2015 жылы 7-қаңтарда енгізілген болатын.
Осы мерзімдегі статистика көрсеткендей, елде 3034 апат тіркелген (2014 жылғысы – 3138) , онда 374 адам қаза болды (2014 жылғысы - 318) 3906 адам жарақат алды (2014 - 3906), делінген сәрсенбіде ІІМ таралған ақпаратта.
Өткен жылдың сол кездегі мерзімімен салыстырғанда жол апаты 4,2% азайған, жарақат алғандар 4,1% азайған, қаза болғандар 17,2% артқан.
Жолдардың қиылысында көліктердің соқтығысып қалуы және көліктердің жаяу адамдарды басып кету жағдайларының азайғандығы тіркеліп отыр.