"Көліктен шыққан көк түтін улы деп танылса, 1 миллион 400 мың теңге айыппұл": Ескі көлігі барлардың жағдайы қалай болмақ?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ал, көлігі ескі ағайын!

Енді ұсталған жерде пара беріп құтылатындай, әмияныңа ақша салып жүруге тура келеді. Көлігіңнің «көтінен» шыққан көктүтін улы деп танылса, 1 млн 400 мың айыппұл арқалауың мүмкін!

Ұсталған жерде пара беріп —проблемаңды «на месте» шеше алмасаң —шешіліп алынған көлігіңнің мемлекеттік тіркеу номерін қайта көрмейсің.

Өзі көлік шығармайтын ел үкіметі осындай заңды депутаттардың талқысына салмақ.

Заң қабылданса —ескі көлігіңді есігіңнің алдынан шығара алмайсың, ұқтың ба?

Өйткені, үлкен қала маңындағы экопосттарды айналып өту енді «өтпейді».

Заң қабылданса экология басқармасы мамандары полиция құрамы мен бірлесіп аула, ауыл, қала, мекендерді аралап, жол бойында да тексермек.

Үкімет кедей әкенің 18 жасқа толмаған балаларына берген 100$-ын (күніне 128 теңге) осылай қайтармақ па?

Ел ішінде бар 4 млнға жуық көліктің 6%-ғана жаңа. 2 млн данасының зауыттан шыққанына 20 жыл болған.

«Утиль» мен «первичка», т б кедендік салықтар кесірінен көлігін жаңалай алмаған ағайын қалтасына тағы да салмақ түспек.

«Бұл ескі көлігі барлардың проблемасы» деп қарау—көршісінің өртеніп жатқан үй отына мал басын үйітіп алмақ болған хайуани тірлік пен пара-пар.

Ел ішіндегі проблемалардың бәрін өзіңдікіндей көрмейді екенсің— біл!

Күні-ертең өз басыңа түскен проблемаңды да ешкім көтермейтін болады!", деп жазды. 

"Халыққа қызмет жасай ма... жоқ, олигархтардың сойылын соға ма...", "Жол бермеу керек, үндемей қалсақ біткеніміз, сол ескі көлектердің иесінің біреуі менмін, аудиім бар, жұмыстан бос кезде таксилетіп ақша табам, соныда көп көрді-ау", "Такси боп күн көріп жүргеннің көбі ескі машинамен жүреді, қанша отбасы табыстан айрылады", деп алаңдады қара халық.