Көліктерді техникалық байқаудан өткізу ережелері өзгертілді

Заң жобасында жол жүруге қатысушылардың әзірге тек заңдылық акті – жол қозғалысы ережелерімен ғана реттелетін құқықтары мен міндеттері айқындалған.

"Заң жобасының мақсаты жол жүруге байланысты, оның ішінде халықаралық міндеттемелерден туындайтын бүкіл мәселелерді құқықтық реттеу үшін түбегейлі заңды негіз құру болып табылады", деп хабарлаған болатын алдында ІІМ жетекшісі Қалмұхамбет Қасымов.

Құжатта жол қозғалысына қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттемелері белгіленген, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандығын шектеуші және заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаушы нормалар бар.

Заң жобасында үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың осы саладағы құзыреттілігі белгіленген.

Құжат арқылы сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуші жаңа құралдар- аудит, жол қозғалысы саласында тәуекелдіктерді басқару жүйесі енгізілген.

Сонымен қатар жаңа үлгідегі жүргізушілер куәлігін енгізу де көзделген.

"Жол қозғалысы туралы БҰҰ конвенциясының талаптарына орай жаңа үлгідегі жүргізушілер куәлігін енгізу көзделген, онда жеті санат және қосымша алты санат болмақ. Жаңа жүргізуші куәлігі оны алғаш рет алатындарға және бұрынғысын ауыстырғысы келетіндерге беріледі. Қазіргі жүргізуші куәліктері жарамды мерзімі аяқталғанша, яғни он жылға дейін күшінде болады", деп атап өткен болатын ІІМ жетекшісі.


Заң жобасында қалалар мен елдімекендердің аумақтық-көліктік жоспарлануы мәселелері реттелген. "Бүкіл деңгейлердегі аймақтық жоспарлау құжаттарында міндетті түрде көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысын ұйымдастыру туралы блок болуға тиіс. Құрылыс тығыздылығына орай көлік тұрағындағы орындар саны, велосипедпен жүру жолдары, жаяу адамдарға арналған жолдар, басқа да инженерлік шешімдер жоспарланбақ. Бұл талаптар ескерілмеген жағдайда құрылысқа қатысты жобалық құжаттамалар өтпейді", деді министр.