30 наурызға қараған түні ол Өскемендегі Буров көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы «Газель» автокөлігінің шынысын сындырып, салонға кіріп, одан бейнетіркеуші, слесарь саймандары бар сөмкені алып кеткен.
Көлік иесі өзіне келтірілген шығынды 30 мың теңгеге бағалады. Бұдан кейін жақын жерде тұраққа қойылған «ВАЗ 2101» көлігінің шынысын сындырған жас жігіт салоннан магнитола мен иесінің жеке заттарын ұрлаған.
Полицейлер ұсталған азаматтан екі көліктен ұрлаған заттарды анықтап, оларды иелеріне қайтарды.
Тергеу амалдары кезінде полицейлер ер адамның тағы бір қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. 24 наурыз күні таңғы сағат 3-те ол Астана көшесінде тұрған «ГАЗ 3110» көлігін айдап әкеткен. Кейін іздеу кезінде бұл көліктің өртенген қаңқасы облыс орталығының жекеменшік секторында, жолдың жиегінде табылды. Айдап әкетуші жасаған қылмысының ізін жасыру үшін, көлікті өртеп жібергені анықталды.
26 жастағы күдікті азамат көлік тонағаны және көлікті айдап әкеткені үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.