Көліктің сыртын суретпен әрлеуге қатысты тыйым биыл алынып тасталады


Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті. 

«Қазіргі уақытта Мәжілісте «Жолда жүру ережелері туралы» жаңа заң жобасы қаралуда және ол заңда осындай түзетулер енгізіліп отыр», - деді ол. 

Оның сөзі бойынша, егер заң қабылданып жатса, аталған өзгерістер биылдан бастап енгізілуі ықтимал. 

«Жалпы аэрографияға салынған тыйымнан бас тартатындығымыз туралы Үкіметтің алдын ала шешімі бар. Енді ол заңды түрде Парламентте қабылдануы тиіс. Парламент Мәжілісінің сайлауы өткендіктен бұл жұмыс аздап тоқтап қалды», - деді И.Лепеха.