Таудан аққан тонна-тонна лай үйлерді басып, шаһарға кірер жолдағы жалғыз көпірді қиратқан. Бұл құтқарушылардың жедел жетуіне кедергі келтіруде. Әзірге үйінді астынан 61 адамның мәйіті табылған. Марқұмдар саны әлі де еселенуі мүмкін. Өйткені мәйіттер лай ағасымен 20 шақырым аумаққа дейін ағып кеткен дейді құтқарушылар. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Колумбияның солтүстік-батыс аймағында түгелдей төтенше жағдай жарияланды.
Loading...