Колумбияда лай көшкінінен бес адам қаза тауып, 30 адамға іздеу жарияланды


РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Жолда бірінші жер опырылып шұңқыр пайда болған, арнайы техника оны тегістемек болғанда лай көшкіні жүріп откен. Із-түзсіз жоғалғандар негізінен көліктерінде жол жұмыстарының аяқталуын күтіп отырған адамдар. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқарушылар оларды үйінділер астынан шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.