Адвокат Игорь Вранчев Odnako podcast-қа сұқбат берді. Ол Қуандық Бишімбаевты өте қауіпті адам деп санайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы, елге есімі танылған адвокат Игорь Вранчев Бишімаевтың ісіне қатысты алғашқы рет ашық сұқбат берді. Ол басында бұл іске аса қызығушылық танытпағанын жеткізді. Алайда өзінің екі қыздың әкесі екені оның осы істі жүргізуіне ықпал еткен.
"Менің екі қызым бар, біреуі 23 жаста, екіншісі, жақында ғана бір жасқа толды. Иә, сірә менің әкелік сезімім көбірек оянып, ол осы істі қолға алу туралы шешімді қабылдау барысында әсер еткен болар. Мен бұл іс осындай резонанс тудырады деп ойламадым, жәй ғана әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында жазылады деп күттім", - деді адвокат.