20-мамырда А.Кертинг жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барған. Сол жерде дастархан басында "аспираторный синдром" дертіне шалдыққан елші кома жағдайына түсті. Бұдан кейін елші Жаңаөзен қаласына жеткізіліп, оған дәрігерлік көмек көрсетілген. Ал мамырдың 21-інен 22-сіне қараған түні А.Кертинг арықарай емдеу үшін Германияға ұшақпен жіберілді.
Дәрігерлердің 22-мамырдағы дерегі бойынша елші кома жағдайынан шықпаған.