Қазіргі кезде бригада Паттайя қаласында Ф.Мұратбековты тасымалдауға дайындық жүргізуде, делінген Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі хабарламасында.
Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда, науқас комада жатыр, оның өкпесі жасанды желдету жүйесіне қосылған.
Зардап шегушіні тасымалдау шығынын Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі өз мойнына алады.
Науқастың өмірін сақтап қалуға кететін шығын күніне 10 мың $-ды құрайды. Медициналық сақтандыру бойынша бөлінген қаражат толық таусылды, оның туыстарының өз қаражаты да таусылуға жақын, осыған байланысты туыстары оған көмек көрсетіп, елге әкелуге көмек көрсетуді сұрауда.
26 жастағы Ф.Мұратбеков 9 желтоқсан күні Таиландта қонақүй бассейнінде шомылу кезінде жарақат алған.