"Командировканың ақшасын әлі ала алмай жүрміз, кредит алып жарысқа барамыз": Күрес бапкерлері федерацияға жанайқайын айтты

Бұл жолы шымкенттік бір топ бапкер өздерінің іссапарға кеткен ақшасын әлі алмай жүргендігін, салдарынан балаларды несие алып, жарысқа апарып жүргенін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бапкерлердің жанайқайын журналист Аслан Қаженов жеткізді.

"Жайдарманшы қызметке тағайындалғалы бері, бізге Түркістан облысынан бапкерлер шағымданып жатыр. Күрестен шәкірттерді тәрбиелеп жүрген бапкерлер 4 айдан бері еңбекақысын ала алмай отыр.

Балаларын жарысқа апару үшін, несие алуға мәжбүр. Жанын да, қанын да салып жүрген мамандар қазір өте қатты қиналып жатыр. Мысалы: "Июнь, июль айында ақша болады, командировканың ақшасын әлі ала алмай жүрміз, шынымызды айтсақ шаршадық мұндай бассыздықтан" деп жазыпты.

Мансар, егер шынымен күреске жаның ашыса, дәл осы бапкерлерді тауып, мәселелерінің шешілуі түрткі болады деген үміттеміз. Егер шынымен жаның ашыса, бапкерлердің мәселесін шешіп бер. Ол - нағыз игі іс, нағыз жанашырлық болып саналады. Мазақ қылып, күлкі қылып, күресті насихаттау деген - ол бәрі бекер сөз", - деді ол.