«Розетта» деп аталатын Еуропа ғарыш агенттігінің аппараты жерден 500 млн шақырым қашықтықтағы Чурюмов-Гермасименко кометасына жету үшін 10 жылдан астам уақыт жұмсаған. Ғалымдар кометаның құрамын зерттей отырып, Күн жүйесінің неден құралғанын анықтамақшы. Айта кетсек, бұл кометаны 45 жыл бұрын Кеңес ғалымдары Алматы обсерваториясында ашқан.