"Мен Қарағандыда көмір өндіру көлемін жылына 12 млн тоннадан 17 млн тоннаға дейін жеткізгіміз келіп отырғанын айттым", - деді ол. "Инвестициялау бағдарламасы 400-ден 500 млн АҚШ доллары аралығында болады", - деп толықтырды Лакшми Миттал.
"Мен сондай-ақ, біздің сұрыптық прокат өнімі туралы және біз бұл өнім түрінің өндірісін 2 есеге ұлғайтқалы отырғанымызды, бұл жобаға 200 млн АҚШ долларын салатындығымызды жеткіздім", - деп хабарлады директорлар кеңесінің төрағасы.
"Миттал Стил Теміртау" АҚ республикадағы қара металлургияның ірі кәсіпорыны болып табылады және "ЛНМ" тобының құрамына кіреді. Шығаратын өнімдерінің негізгі түрлері - шойын, болат, болат прокаты, қалайы, кокс және қосалқы химиялық өнімдер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті