Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төтенше оқиға Ақтөбе облысының Прогресс ауылында болған. Көмір қышқыл газынан 6 адам уланып, ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 2 нәресте бар.
"Үйде отынмен жағылатын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен адамдар газдан уланған", - деді баспасөз қызметіндегілер.